Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты. Марқұм 1994 жылы туған.
Медеудегі өртті сөндіру кезінде бір қызметкер қаза тапты
1,422
оқылды

Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 8 мамырда түнде қызметтік борышын атқару кезінде, тау баурайында өртті сөндіру барысында Алматы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков қаза тапты.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Арслан Құрманбековтің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол туралы жақсы естелік, өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Арслан жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды", – деп жазды Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.