Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қостанайда полицей синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен ұсталды
1,130
оқылды

Қостанай облысында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Рolisia.kz.

5 мамырда Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен Қостанай облысының Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері бірлескен операция өткізіп, Қостанай қаласында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкерін ұстады.

«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», – делінген полиция мәліметінде.