Алматы әкімдігі марқұмның туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады.
Медеудегі өрт: Арслан Құрманбековтің қалай қаза тапқаны белгілі болды
Алматы әкімдігі аға өрт сөндіруші-құтқарушы Арслан Құрманбековтің отбасына көңіл айтты.
 
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбеков Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі таудың баурайында өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп жүргенде жанып жатқан ағаштың діңі үстіне құлаған. Ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. 
"Алматы әкімдігі марқұмның туыстарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Бұл орны толмас ауыр қайғы. Құтқарушы мамандығының қашан да тәуекелі жоғары. Сержант үлкен қайғылы оқиғаның алдын алу үшін өз өмірін құрбан етті. Оның өшпес ерлігін әріптестері және қала тұрғындары ұмытпайды", – деп хабарлайды Алматы әкімдігі.