Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады, – деп хабарлайды 109 қызметі. Астанада Мәңгілік ел даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осыған байланысты 10 мамыр мен 4 маусым аралығында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасынан (Триумфальная арка) Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Астана тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлағаны абзал.