Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға бүгін сағат 11.20 шамасында болған.
Елордада құрылыс алаңында кран құлап, бір адам зардап шекті
1,176
оқылды

Астанада салынып жатқан  Capital Park тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде мұнара краны құлады. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

 BI Group  құрылыс компаниясына тиесілі  Capital Park  тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде (Есіл ауданы, Керей-Жәнібек хандар, Бұқар Жырау, №37 және №38 көшелерінің қиылысы) мұнара кранын монтаждау кезінде ережелер мен талаптар сақталмады. Атап айтқанда, секцияаралық бекіту бұрандалары болмаған. Нәтижесінде, мұнара краны жақын тұрған автокранның бағыттау бөлігіне құлады. Онда «Андрюшкин» жеке кәсіпкерлігінің машинисі болған. Ол ауруханаға жатқызылды», – деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметінен тілші сауалына орай.

Қазір оқиға орнында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қарасты Астана қалалық департаментінің инспекторлары жұмыс істеп жатыр.