Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0
Алматыдан 283 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Бүгін Алматы уақыты бойынша 12:12-де "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 283 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 283 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0.

MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 шақырым.