Көлік автокранның көмегімен тұрғызылды
Жетісу облысында газ таситын көлік аударылып кетті
1,114
оқылды

 Жетісу облысындағы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында пропан газы бар газ таситын көлік аударылып кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ТЖМ Жетісу облысындағы бөлімшелері мен ұйымдар жіберілген.

Автомобиль автокранның көмегімен тұрғызылды. Барлық көтеру процесі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің  бақылауында болған.

Балпық би ауылы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді. Үйлесімді шаралардың арқасында қаза тапқан және зардап шеккен адам болмады.