Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстандағы елшілігі 8 мамыр күні құрбан болған батыр боздақтарын еске алу іс-шарасын ұйымдастырды.
Алжир елінің Қазақстандағы елшілігінде еске алу іс-шарасы өтті

Тарихта француз әскерінің Алжир жеріндегі 1830 жылдан 1962 жыл аралығында жасаған қылмысы ұмытылмайтын қасіреттің бірі.

– 1945 жылдың 8 мамыры  – Алжир жеріндегі 1830 жылдан 1962 жыл аралығында франция әскерінің жасаған топтық қылмыс тізбегінің ең қасіреттісі екені белгілі. Отаршының бұл әрекеті – Сетиф, Харата, Гуэлма мен Алжирдің шығысынан бастап батысына дейін барлық аумағының түкпір-түкпірінде тұрғындарға оқ жаудырып, азаматтарға қастандық ұйымдастырып, Алжир халқын жою мақсатындағы ақиқат талпынысынан көрініс тапты, – деді Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Камал Финиш мырза.

Аталған іс-шарада мәртебелі елші елшілік қызметкерлерінің алдында сөз сөйлеп, құрбан болған батырларына арнап дұға-тілектерін жасады.

– Әсем де көркем қазақ жерінде алжирліктердің жүрегіндегі ең ұлы да мәртебелісі саналатын 1945 жыл 8 мамыр күнін еске алу салтанатында бас қосып отырғанымыз біз үшін мәртебе. Ұлы Жаратушы иемізден шахид болған батыр боздақтарымызға Фирдаус жәннатын нәсіп етсін, оларға рақымын берсін деп тілейміз, – деді елші мырза.