Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған.
"Алматы облысында бір отбасының 5 адамы көз жұмды": оқиғаның мән-жайы анықталды
1,147
оқылды

Алматы облысында қайтыс болған отбасы мүшелері көміртегі тотығымен уланған. Мамандар алдын ала мәліметтер бойынша,  осындай қорытынды шығарып отыр, -  деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

4 мамыр сағат 16.00 шамасында Қарасай ауданының ПБ-ға Көлащы ауылында 6 адам белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Нәтижесінде, 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қайтыс болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

«Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды. Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған», - делінген хабарламада.