Бүгін таңертең ауданға түтін жайылды.
Ресейде басталған өрттің түтіні Қазақстанның үш облысына жетті
973
оқылды

Ресей аумағында басталған өрт Қазақстанның солтүстігінде жайылды.

 

Түтін Ақмола облысының бірнеше ауданына тарады. Өз кезегінде төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері аймақта төтенше жағдай тіркелмегенін мәлімдеді.

«Бүгін таңертең ауданға түтін жайылды. Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметтеріне сәйкес, бұл ауданда орман мен дала өрттері тіркелмеген. Алдын ала деректерге сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлға тараған түтін Ресей Федерациясындағы Курганск облысындағы өрт салдарынан жайылған», – делінген Біржан Сал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі хабарламасында.

 

Соңғы деректерге сәйкес Ресейде басталған өрттің түтіні Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарына тараған.