«Qaisar»-дың басты мақсаты жастардың бойында патриоттық рухты оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру.
Партия төрағасы "Qaisar" әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтады
996
оқылды

Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылып, нәтижесінде Түркістан облысының жастары жеңіс туын желбіреткен болатын. 

Түркістан облысының  жүлделі  орынды иеленген командасын бүгін "AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, партия ғимаратында марапаттап, қайсарлы өңір жастарымен кездесу өткізді. Жастарға партия атынан алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

«Qaisar»-дың басты мақсаты жастардың бойында патриоттық рухты оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан еліміздің абыройын асқақтататын жастарымыздың қатары көп болғаны қуантарлық жағдай, – деді өз сөзінде А.Үмбетәлиев. 

Айта кетейік, 120 қатысушы екі күн бойы тартысқан додада өңір жастары жүлделі бірінші орынды иеленді. Олар қашықтыққа жүгіріп, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілермен жүріп өтті. Сонымен қатар саптық дайындық деңгейлерін көрсетіп, «Менің елім – Қазақстан» атты әскери-танымдық викторинада білімін шыңдады.

"AMANAT" партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі