Жөндеу жұмысын елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізеді.
Астанада тағы бірнеше көше жабылады
Астанада 10 мамырдан 5 маусымға дейін әл-Фараби даңғылының Пушкин көшесінен Алаш тасжолына дейінгі аралығы ішінара жабылады.

Астанада Әл-Фараби даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысын елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізеді. Осыған байланысты биыл 10 мамырдан 5 маусымға дейін А.Пушкин көшесінен Алаш тасжолына дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылы бойынша көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.