Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылық жасаған.
Талдықорғанда балаларды тонаған күдікті ұсталды
651
оқылды

Талдықорғанда бұрын сотталған азамат балаларды тонады деген күдікпен ұсталды.

Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған баланы тонады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факті бойынша жасөспірім баланың анасы арыз жазды. Ол 17 жастағы ұлын ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстап, қалалық полицияға жеткізді. Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған ересек адам болып шықты. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізілуде», – делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.