Ақмола облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, күндіз өңірдің басым бөлігінде найзағай болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Астана қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, күндіз шығысында – найзағай, батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің батысы мен солтүстігін тұман басады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың таулы аймағында күші 15-20 м/с болады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысы тұманды болады.