Атырау қаласында автокөлік өртенді.
Атырауда журналистің көлігін өртеп жіберді
1,122
оқылды

Оқиға бүгін түнгі сағат 04.21 шамасында Атырау қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Полиция басқармасының автопатрульдік экипажы Наурызалиев көшесінде үйдің жанынан өртеніп жатқан Lexus RX-300 автокөлігін көрді.

Polisia.kz-тің дерегінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жеткен. Жарылыс болған жоқ.  Болған оқиғаның себеп-салдары тергеуден соң анықталады. 

Жәбірленушінің өтініші ҚК-нің 202-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.

«Қазақпараттың» жазуынша,  көлік журналист Виктор Сутягинге тиесілі. Ол күдіктінің түн ортасында келгенін бейнекамерадан көргенін айтқан.