Өртті жою кезінде 2012 жылғы ер баланың денесі табылды.
Павлодар облысында өрт кезінде 11 жасар бала қайтыс болды
2
720
оқылды

Павлодар облысында өрт кезінде 11 жастағы бала көз жұмды.

 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 02:03-те 101 пультіне Успен ауданы Новопокровка ауылдық аймағының әкімінен Галицкое ауылында Интернациональная көшесі, 18 мекенжайында бес бөлмелі кірпіштен салынған жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде жартылай қираған шатырдың ағаш құрылымдары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан. Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады. Өз бетімен төрт адам эвакуацияланған. 

«Өрт салдарынан зардап шеккен 1986 жылғы үй иесі Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылды. Ер адамның денесін екінші-үшінші дәрежелі 30 пайыз күйік шалған, жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Тілсіз жау сағат 03.52-де оқшауланып, сағат 04.40-та сөндірілді. Сағат 05.05-те дәліздегі үй құрылыстарын бөлшектеу және өртті жою кезінде 2012 жылғы ер баланың денесі табылды», – деп хабарлады департаменттен. 

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен үш техника мен 7 қызметкер, сондай-ақ 101 және 103 қызметтері жұмылдырылды.