Оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып қалған.
Шымкентте 18 вагон аударылып қалды
11 мамырда Абай ауданындағы "Игілік" теміржол өткелі аралығында Игілік-Бадам теміржол учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бір бүйіріне аударылып қалған.

Шымкент қалалық ТЖД-ның хабарлауынша, аударылған вагондар жалпы саны 57 вагоннан тұратын "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында болды.

"Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі бүлініп, теміржол төсемінің ішінара зақымдануы орын алды. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді", – деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.