Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Кентауда саябақ ішінде атпен жүрген ер адам баланы таптап кетті
1,217
оқылды
Түркістан облысы Кентау қаласында атқа мінген адам саябақта серуендеп жүрген бірнеше баланы таптап кеткен. Бұл туралы жергілікті тұрғын Facebook-тегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды otyrar.kz.
 
Түркістан облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады. Бұл туралы полицияға қалалық орталық  ауруханасындағылар хабарлаған. Полиция мәліметінше, саябақта ата-анасымен кетіп бара жатқан кішкентай қызды жылқысын игере алмай қалған тұрғын соғып құлатқан.
 
"Аталған жайт Кентау полиция бөлімінде тіркелді. Алайда әкесі кішкентай қызының дене жарақатын алмағанына байланысты арыз жазудан бас тартқан. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген полиция таратқан хабарламада.