Қайтыс болған адамдардың қанынан карбоксигемоглобин табылды. Бұл олардың газдан уланғанын көрсетеді.
Алматы облысындағы бір отбасының 5 адамының өліміне қатысты сараптама қорытындысы шықты
799
оқылды

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылындағы бір отбасының 5 адамының өліміне қатысты жасалған сараптама қорытындысын жариялады.

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі бойынша тұрғын үйдің ауасынан 1,1-1,3 милиграмм шамасында улы газ анықталған.

«Қайтыс болған адамдардың қанынан карбоксигемоглобин табылды. Бұл олардың газдан уланғанын көрсетеді. Тексеру және зертханалық деректер негізінде газдан улану диагнозы қойылды», – делінген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін 5 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылында бір отбасының 5 адамы қайтыс болғаны хабарланды.