Салдарынан 3 адам зардап шекті
Шымкентте бірден 5 көлік соқтығысты
687
оқылды

Шымкентте бірден 5 көлік соқтығысты. Көлік апаты Ж.Тәшенов пен Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мұнда 5 көлік – Lada, Ваз 2115, Hyundai Tucson, Toyota Prado және Chevrolet соқтығысқан.

Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті, екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, біреуі ауруханаға жатқызылды.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа Chevrolet жүргізушісі кінәлі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.