Атыраулық журналист Виктор Сутягин көлігі өртенген оқиғаның жай-жапсарын айтып берді, – деп хабарлады Tengrinews.kz.
Көп адамның жолын кестім –  Атырауда көлігі өртенген журналист
591
оқылды

«Мен сағат 17.00-де үйге келдім. Көлікті аллеядағы көп көліктердің арасына қойдым. Ауламыз өте тыныш. Сағат 00.00-де көліктен үй жануарларына арналған тағамды алмағаным есіме түсіп, сыртқа шықтым. Сосын оны алып келіп, ұйқыға жаттым.

Сағат таңғы 04.00-де көлігім өртенгенін айтып оятты. Тұрсам, көлік әлдеқашан жанып кеткен екен. Бейнебақылау камерасына түскен видеодан көлікке жақындап, оны өртеген адамның көлік жарылғанда өзі де зардап шеккені көрінеді. Жарылыс болған кезде ол капоттың қасында тұрған.

Мен жарылысты естімедім, бірақ көршілердің барлығы жиналған. Әрине, мен көп адамның жолын кесіп, өңірдегі түрлі мәселелерді көтердім. Бірақ әзірге ешкімді кінәлай алмаймын, көлігімде сақтандыру бар», деді журналист.