Қызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады.
Қызылордада жаппай төбелес: 2 адам жарақат алды

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен. Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды. Екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тасжолында құрықталды. Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді, – деді Қызылорда ОПД Криминалды ПБ бастығының орынбасары Рустам Сайдильдинов.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.