Ол Мопровская көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған
Петропавлда 34 жастағы әйел екі аптадан бері табылмай жатыр
1,697
оқылды

Петропавлда Ирина Николаевна Искаковаға іздеу жарияланды. Ол екі аптадан бері табылмай жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысының волонтерлері жоғалған адамды іздеуге ат салысып, Ирина Искакова туралы ақпаратты әлеуметтік желіде жариялады. Айтуларынша, әйел 29 сәуір күні сағат 20.00 шамасында Петропавлдағы Мопровская көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Иринаның бойы 160 см, арықша келген, бетінде секпіл бар, бұйра келген жирен ұзын шашты.

Сол күні үстінде қара күртеше, көк джинсы, аяғында ақ кроссовки болған.

Ирина Искакованы көрген-білгендер болса 8 926 62664 33, 8 777 307 99 65 немесе 102 нөміріне хабарласа алады.