Қалың көпшілікке “Бауыржан шоу” театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов «Базарlike» бағдарламасында мемлекет тарапынан еленбей жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алмат Сақатов “еңбек сіңірген әртісі”  атағы үшін Арыстан Мұхамедиұлының 5 мың доллар сұрағанын айтты
5,423
оқылды

"Негізі атақ алғым келмейді, егер бере қалса бас тартпаймын. Пендеміз ғой, кейбір кезде кеше ғана сахнаға шығып, алты өлең айтып жүргендердің ішінде ел білетін үш әнші «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деген  атақ алып жатады. Бір концертте “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деп хабарлағанда 25-26 жастағы бала шығады. 30 жыл сахнада жүрмін. "Бауыржан шоуда" жүрдік, қиын кезде жүрдік, қаншама киноға түстік, спектакльдер қойдық, тележобаларға қатыстық,  бірақ атақты сатып алу керек. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағының құны Арыстан Мұхамедиұлы бастық болып тұрған кезде 5000 доллар болды. Маған: «5000 доллар бересің, ертең осы атақты алып беремін» деп ашығын айтты. Алмаймын, ол ақшаға ешқандай пайдасы жоқ. Оған бергенше бала-шағама берейін ол ақшаны", — дейді актер.

Бұған дейін әнші Ақбота Керімбекова да өзіне ақшаға атақ ұсынғанын айтқан еді.