WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) канадалық боксшы Стивен Батлермен (32-4-1, 26 КО) жекпе-жегінде әлем чемпионы атағын қорғады.
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді
4,580
оқылды

Жекпе-жек Стоктон қаласында (АҚШ) өтіп, бокс кешінің басты оқиғасына айналды. Жәнібек Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жәнібек Әлімханұлы екінші рет титулын қорғап отыр, бірінші рет былтыр қараша айында британиялық Дензел Бентлиді (18-2-1, 15 КО) төрешілердің шешімімен жеңді.