Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстаған еді. Бұған дейін оған қатысты өзге ағымның жетегінде екені туралы деректер болған.
Маған бәрібір. Балалар сол адамның себебінен Аллаһқа қайтты – үш баласынан айырылған әйел
1,038
оқылды

Енді үш баласын өз қолымен бауыздап өлтірген Жәнібек Есеновтің  Сириядан "Жусан" операциясы арқылы елге оралғаны анықталып отыр.

Туған балаларын қойша бауыздап тастаған әке мен оның отбасына қатысты тың деректер Koremiz бағдарламасында айтылды,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Жусанмен" келген. Атырауда "БРТ" болып тіркеуде тұрған,"  дейді журналистердің сауалына жауап берген полиция өкілдері.

Жәнібектің жат ағымның жетегінде екенін көршілері мен туыстары да растап отыр.

"Олардың ұстанымдары бөлек. Тұмшаланып жүреді",  дейді Жәнібектің туған жездесі.

Жездесінің айтуынша, Жәнібек пен оның жарының қандай ағымда жүргені белгісіз.  Көршілері болса балаларын да тұмшалап тастайтын дегенді айтты.

Сондай-ақ Жәнібектің таныстары, ауылдастары да  намаз оқығалы оның өзгеріп кеткенін айтуда.

Ал үш баласынан айырылған Айдана журналистерге қысқа-нұсқа пікір білдірді. 

"Мен ешкімнің алдында ақталмаймын. Намаз оқитыным рас. Бәрі "вахабис" дейді. Айта берсін. Маған бәрібір. Мен ешкімнің аузына қақпақ болмаймын. Өз ісіме жауап беремін. Болды.

Маған бәрібір. Балалар Аллаһқа қайтты. Сол адамның себебімен Аллаһқа қайтты. Болды",  дейді қара жамылған ана.

Айдананың жездесі болса барлығы үш балаға алимент төле, болмаса балаларды көрсетпеймін деген сөздерден, жалпы ұрыс-керістен басталған болуы мүмкін екенін айтады.

Еске салсақ, марқұм болған балалардың ата-анасы былтыр желтоқсан айында заңды түрде ажырасып кеткен.