Алматы Білім басқармасы №133 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысының әлеуметтік желіде жариялаған видеосына қатысты түсінік берді.
Өте қатігез апай – Алматы Білім басқармасы мектеп оқушысының мәлімдемесіне қатысты түсінік берді
4,703
оқылды

Онда оқушы Баян Жанұзақ сынып жетекшісі Нұргүлдің оқушыларға қысым көрсететінін жеткізген.

"Сынып жетекшіміз Нұргүл апай бізді ұрып-соғады, аузына келгенін айтады. Соңғы аптада маған көп қысым көрсетті. Кеше түнімен жедел жәрдеммен ауруханаға барып, сонда жүрдім. Анықтамаларымның бәрі бар. Директорлар біздің арызымызға мән бермейді, кешірім бере салыңдар деп қана айтады. Ал Нұргүл апай біздің намысымызға әбден тиіп бітті",  дейді оқушы.

Ведомствоның хабарлауынша, осы мәселе бойынша комиссия құрылған және комиссия білім беру мекемесіне барып, аталған фактіні қарайды. Сынып жетекшісі қызметін атқарудан уақытша шеттетілді.

"Сондай-ақ 2023 жылғы 16 мамырда бұл мәселені Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қарау жоспарланып отыр. Бұл мәселе Алматы қалалық Білім басқармасының бақылауында",  деп жазды Алматы Білім басқармасының баспасөз қызметі