Апаттан төрт жұмысшы зардап шекті. Күйік шалған төрт жұмысшының бірі көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Хабар 24» арнасының дерегінше, ер адам санавиациямен Астанадағы ауруханаға жеткізілген еді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысты. Бірақ денесін қатты күйік шалғандықтан, 56 жастағы азамат көз жұмды. Қалған 2 жұмысшы Астана қалалық ауруханасында ем алып жатыр.
Тағы біреуі Ақтөбеде емделіп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
Бұған дейін Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытында өрт болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.