Қостанайда кішкентай қызды ит талап тастады.
Қостанайда үш жасар қызды ит талап тастады

Зардап шеккен қыз Облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Alau.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға Тобыл қаласында болған.

«Ит қыздың беті-қолын талап тастаған. Дәрігерлер шұғыл ота жасады. Ернін, бетін тікті. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Беті бері қарады. Бала тамақ ішеді, алайда дәрігерлер жіті бақылау жасап отыр. Қабынып, асқынған жарақаты жоқ», – деді дәрігерлер. 

Бұған дейін Алматыда ит-мысықтың жанашырлары бас көтергені туралы хабарлаған болатынбыз. 

Фото:  klike.net