Жеңіс Қасымбек «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.
Астана әкімі елді мекендердің тұрғындарымен кездесті
626
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Интернациональный», «Күйгенжар», «Мичурино» елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті. Бұл жайында елорда әкімдігі хабарлады.

Кездесу барысында елді мекендерде негізгі мәселелер инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар, жолдар салу, жарықтандыру жүргізу ісіне, сумен жабдықтау, электр энергиясы, автобустарды іске қосу бойынша мәселелер талқыланды.

Әкім Жеңіс қасымбектің айтуынша, жазда қосымша ауызсу станциясын (ССС-3) іске қосуды жоспарланып отыр.

 

Нәтижесінде, бұл бүкіл қала бойынша су мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қалаға жылумен, электрмен жабдықтауда қосымша күш беретін тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері нысандарының бірқатарының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар биыл 11 мектеп (14-і салынып жатыр), 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Сондай-ақ қалаға 400-500 автобус жеткіземіз, екі жыл ішінде инвесторлар есебінен 40-қа жуық балабақша салынбақ, дейді қала әкімі.

Кездесуде әкім Жеңіс Қасымбек тұрғындар көтерген мәселелерін шешіп, оларды кезең-кезеңімен іске асырауын бақылауда ұстайтынын  жеткізді.