Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжанады.
"Жаңбыр, бұршақ жауады": алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
4,535
оқылды

"Қазгидромет" РМК 16-18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон айқындайтын болады, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі және бұршақ жауады. 16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамырда орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.

"Республика бойынша температуралық фонның төмендеуі болжанады. Түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады. Күндізгі уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздің қалған бөлігінде 15-23 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі", – делінген хабарламада.