Іс-шара ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен танысу, жобаларды коммерцияландыру және өндіріске енгізу үшін бизнес-серіктестерді іздеу, сондай-ақ университет ғылымының беделін арттыру мақсатында өткізілді.
Open air  ENU Family Day   форматындағы ЕҰУ туған күні мыңдаған түлекті жинады
1,167
оқылды

2023 жылғы 20 мамырда Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет ЖОО-ның 27 жылдығына арналған Open air форматында  ENU Family Day ауқымды іс-шарасы өтті. Оған университеттің әр жылдардағы түлектері – белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, оқытушылар мен студенттер қатысты. Олардың қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, белгілі қазақстандық шахматшы Дәрмен Сәдуақасов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Гиннесс кітабының белгілі қазақстандық рекордшысы Сергей Цирюльников және басқалар бар.

Ауқымды бағдарлама түлектердің форумы, ENU Research  – PechaKucha форматындағы танымал ғалымдардың өнер көрсетуі, «Ұстаз» коуоркинг орталығының ашылуы, ұлттық қолөнер және кітаптар көрме-жәрмеңкесі, қазақша күрестен «ENU барысы» турнирі, Оpen air ENU Family Day концерті және тағы басқа университет аумағында бірқатар білім беру, ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларды қамтыды. Оған 2  мыңға жуық адам қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзі түлеп ұшқан университетін құттықтады:

«Өткен жылы ЕҰУ-ға Үкімет қаулысымен зерттеу университеті мәртебесі берілді. Қазір университеттің арнайы 5 жылдық зерттеу жоспары, жаңа зертханалар, жас ғалымдарға арналған үлкен ресурс пысықталуда. Жақын арада ол Үкіметтің қарауына шығарылады.

ЖОО-ның жас ғалымдары «Болашақ» бағдарламасына белсенді қатысады. ЕҰУ ғалымдарының ғылыми мақалалары Q1, Q2 квартилінің халықаралық басылымдарында жарияланады. Жақын арада біз Еуразия ұлттық университетінің ғылыми зерттеу әлеуетін бірлесіп арттыратын боламыз», – деп атап өтті министр.

  Іс-шараның ғылыми бөлімі PechaKucha   ENU RESEARCH: from idea to action  форматында өтті. Форумды ашқан басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Жанна Құрманғалиева бүгін өткізіліп жатқан іс-шара қазіргі заманғы  PechaKucha  («Печа Куча») форматында өтіп жатқанын, оның барысында ЕҰУ ғалымдары өздерінің ғылыми жобаларын 200 секунд ішінде қысқаша және нақты таныстыра алатынын атап өтті.

Форумға қатысушыларды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтап, өзі ЕҰУ түлегі екенін атап өтті.

Министр атап өткендей, университет ғылымын дамыту салаға көбірек жас ғалымдарды тарту қажет. Оның айтуынша, бұл бағытта Ғылым және жоғары білім министрлігі үлкен жұмыс атқаруда.

«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, өткен жылдан бастап министрлік жас ғалымдарды қолдауды күшейтті. Мәселен, өткен жылы 700-ден астам грант бөлінді, осы жылдан бастап гранттар саны 1 мыңға дейін ұлғайтылады, бұл жас ғалымдар үшін жақсы қаржылық бастама болады, оларға өздерінің ғылыми әзірлемелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биыл үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Салтанатты шара барысында Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов  ENU Family Day  ауқымды іс-шарасы алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.

 «Бүгін Еуразия ұлттық университетінің 27-туған күні қарсаңында түлектердің рекордтық саны жиналды, бұған біз өте қуаныштымыз.

Бұл барлық жетістіктер оқытушылардың, қызметкерлердің және түлектердің студенттерге және елдің болашағына арналған күштерінің арқасында жүзеге асырылады. Біздің университетте өркендеп келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының ажырамас байланысы әрдайым сақталуын тілеймін. Бұл әлеуметтік, моральдық әл - ауқаттың негізгі қозғалтқыштарының бірі», – деді ғалым.

  PechaKucha   ENU RESEARCH: from idea to action  форумында ЕҰУ оқытушы-зерттеушісі Кенжебатыр Бекмырза, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ғайни Сейтенова, аға оқытушы, ЕҰУ PhD докторы Абдулла Омаров, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Қасымжанов, ЕҰУ Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Жексембаева, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сембаева, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушы-зерттеушілері Жақсылық Сәбитов, Дмитрий Шлимас, Гүлнар Сүгірбекова, ЕҰУ аға оқытушысы Нұрзада Амангелді өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды.

Ғылым мен бизнестің диалог алаңы барысында спикерлер озық ғылыми идеялармен бөлісіп, сутегі отын элементтері, электр энергиясын өндірудің бюджеттік тәсілдері және тағы басқалар туралы тақырыптарды талқылады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, түлек  Ғалым Шойкин өз алғысын білдірді:

 «Мен осы университетте саясаттанушы мамандығын осыдан 23 жыл бұрын алдым. Бір жыл саясаттану кафедрасында сабақ беріп, жұмыс істедім. Сондықтан бұл университет мен үшін ыстық және орны бөлек. 27 жыл ішінде ЕҰУ елдің дамуына үлес қосатын 80 мыңнан астам түлек шығарды. Біздің университет жасасын, түлектеріміз үлкен жетістіктерге жете берсін!».

ЕҰУ түлегі, Гиннесс кітабының белгілі қазақстандық рекордшысы Сергей Цирюльников: «Еуразия ұлттық университеті көрнекті адамдар тобын шығарды және мен осында оқығанымды мақтан тұтамын», – деді.

 «Ұстаз» оқытушыларға арналған алғашқы коуоркинг орталықтың ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те келді.

Жаңа көпфункционалды кеңістік – жеке және ұжымдық кәсіби қызмет, келіссөздер және спорттық демалыс үшін ыңғайлы орын.

Коуоркинг 110 орынға арналған. Орталықтың жалпы ауданы 544 шаршы метрді құрайды. Коуоркингке арналған жиһазды университет қызметкерлері жасаған.

«Университет үшін бірінші кезектегі міндет – студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау. Коуоркинг – бұл біздің университеттің үлкен әлеуметтік-мәдени кеңістігінің бөлігі. Жыл сайын олардың саны артып келеді. Біз әр корпуста ашық кеңістіктер құруды жоспарлап отырмыз. Біздің коуоркингтердегі жайлы жағдай тек шығармашылық белсенділікті ғана емес, ұжымдық және жеке жұмыстың тиімділігін арттырады деп сенемін»,–  деді ЖОО ректоры Ерлан Сыдықов.

Жаңа коуоркинг орталығында үш аймақ бар. Біріншісі – келіссөздер мен іс-шараларға, екіншісі – жұмысқа, үшіншісі – демалысқа арналған. Сондай-ақ бірнеше тақырыптық кеңістіктер бар: оқуға және жұмыс істеуге арналған тыныш аймақ, үстел ойындары бар спорт алаңы және дивандары бар жайлы демалыс аймағы.

Жұмыс аймақтары барлық қажетті заттармен жабдықталған: компьютерлер, магниттік-маркерлік тақталар, флип-чарттар. Оқытушылар арнайы бөлінген жаңғыртылған жұмыс кабинеттерінде жұмыс істей алады.

Айта кету керек, өткен жылы университетте студенттерге арналған 4 коуоркинг алаңы ашылды.

Түлектердің және меценаттардың университеттің дамуына қосқан үлесіне арналған Даңқ ағашына, кәсіпкер Борис Чен мен ЦентрКредит Банкінің есімдері жазылған жапырақтарды орналастыру маңызды оқиғалардың бірі болды.

«ЕҰУ – бұл еліміздегі жетекші университеттердің бірі екені ешкімге жасырын емес. Ұлттың жетістігі екі негізгі факторға – денсаулық пен білімге байланысты. Біз сондай-ақ шәкіртақы беру арқылы әлеуметтік қорғалмаған топтардың ЕҰУ студенттеріне қолдау көрсетеміз, – деп атап өтті Борис Чен.

Қатысушылар мен көрермендердің көпшілігі «ENU барысы» университеттік турнирін тамашалауға жиналды. Жарыс екі салмақ дәрежесінде: 80 келіге дейін және одан жоғары салмақ бойынша өтті. Нәтижесінде, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Palau Fest шарасына келген әр адам тегін палаудан дәм татты және онда 1 тоннаға жуық  тамақ дайындалды.

 «Еуразия жұлдызы» студенттік концерті барысында Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультетінің 4-курс студенті Дияс Таштиевтің «Ар-ождан» музыкалық трегінің тұсаукесері өтті. Ән авторының айтуынша, Ар-ождан – адамзаттың маңызды көрсеткіші, ол жаңа биіктерге жетуге, өзіңізге және басқаларға адал болуға көмектеседі.

Jastar Awards салтанаты аясында ЖОО жастар саясаты орталығының өкілдерін бірнеше номинациялар бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Сондай-ақ студенттер аллеясында ересектер мен балаларға арналған бірегей шығармашылық аймақ: шеберханалар, эко-арт терапия, ұлттық ойындар, кітап көрмелері, халық өнері жәрмеңкелері орналасып, спорттық жарыстар, театр қойылымдары, ұтыс лотереялары және т.б. ұйымдастырылды.

Еуразия ұлттық университеті құрылған күннен бастап 80 000-нан астам маман шығарғанын атап өткен жөн.

ЕҰУ QS халықаралық білім беру рейтингінде 277-орында және әлемдегі үздік 300 университеттің қатарына кіреді.

Университет ғылыми-зерттеу университеті мәртебесіне ие болып, елдің инновациялық ғылыми хабына айнала бастады. Жоғары оқу орнының ғалымдары сутегі энергетикасын дамыту, инновациялық құрылыс материалдарын, 3D принтерлерді, жасанды интеллектіні пайдалана отырып, жаңа технологияларды өндіру сияқты өзекті жобалар бойынша нақты сектордың ірі компанияларымен ынтымақтастықты дамытуда.

Сонымен қатар өткен жылы ЕҰУ-да алғаш рет университет түлектері тарапынан гранттар мен шәкіртақылар бөлу арқылы мұқтаж студенттерге қолдау көрсету, студенттердің ғылыми, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін насихаттау және дарынды жастарды дамыту мақсатында Endowment Fund құрылды.