WhatsApp-та жаңа функция қосылды. Мессенджерде миллиондаған қолданушылар көптен күткен мүмкіндік пайда болды. Жіберіліп қойған хабарламаны өзгертуге болады.
WhatsApp-та ел күткен жаңа функция іске қосылды
1,595
оқылды

Мессенджерлер арасындағы бәсеке WhatsApp-ты ұдайы жаңа функциялар қосуға ынталандырады. Компания инженерлері платформаға бірнеше жаңашылдық енгізу жолында жұмыс істеуде.

Соңғы апталарда енгізілген мүмкіндіктердің саны өсіп келеді. Танымал мессенджердегі жаңашылдықтармен Slashgear.com сайтына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz таныстырады.

Фото absatz.media сайтынан алынды

Әлеуметтік платформа мүмкіндігінің соңғы жаңартуы өткен аптада жарияланды. Енді қолданушылар «Блокталған чаттар» бумасына (папка) жеке чаттарды жасыру мүмкіндігі берілді.  Тағы бір функция кеше қосылды. Енді миллиондаған WhatsApp қолданушылары көптен бері сұраған жаңа мүмкіндік – хабарламаларды жіберілгеннен кейін өңдеу берілді. 

Бұл функцияның мессенджер үшін маңызды болғаны сонша, оны Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг Facebook парақшасында жариялады.

Цукербергтің жазбасынан басқа, компания арнайы блог жазбасында жаңа функцияның қосымша аспектілерін де егжей-тегжейлі сипаттады. Meta (WhatsApp-тың ата компаниясы) бұл мүмкіндікті қолданушыларға аздаған қателерді түзетуге немесе жіберілген хабарламаға қосымша мәтін  қосуға мүмкіндік беретін функция деп көрсетуде. Хабарламаларды өңдеу мүмкіндігінен басқа, WhatsApp пайдаланушыларға жіберілген хабарламаларды жоюға да мүмкіндік беретіні белгілі.

Фото slashgear.com сайтынан алынды

WhatsApp хабарламаларын өңдеу мүмкіндігін қалай пайдалануға болады?

Бұл мүмкіндік пайдаланушылар үшін қосылған кезде, олар жіберілген хабарды ұзақ басып тұрып, мәзірден «Өңдеу» пәрменін таңдап, қажетті өзгерістерді жасай алады. Өңдеуден кейін пайдаланушылар жаңартылған нұсқаны сақтай алады немесе өзгертулерден бас тарта алады. 

Егер қазірше пайдаланушылар жіберілген хабарды өңдеу опциясынан көрмесе, онда жаңа функция пайдаланушы тұратын аумақта әлі қосылмаған болуы мүмкін, себебі компания жаңа мүмкіндікті қосу әлі де жалғасуда. 

Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Witthaya Prasongsin

WhatsApp пайдаланушыларының көпшілігі жіберілген хабарламаларды өңдеу мүмкіндігін құптайтыны даусыз, бірақ бұл мүмкіндікте кейбір шектеулер бар. Хабарлама жіберілгеннен кейін оны өңдеуге 15 минут қана беріледі. 15 минуттан бұрын жіберілген немесе бірнеше сағат, апта бұрын жіберілген хабарды өңдей алмайды.

Сондай-ақ барлық өңделген хабарламаларда «Өңделген» деген тег қосылады. Ал хабарламаны алушылар енгізілген өзгерістерді көре алмайды. WhatsApp әлеуметтік платформаларындағы басқа чаттар сияқты өңделген хабарламалар да тұтастай шифрланатынын растады.

WhatsApp хабарламаларын өңдеу мүмкіндігі әлемдегі барлық пайдаланушылар үшін бірдей жұмыс істейді және компания жаңа функцияны енгізу «таяу апталарда» аяқталады деп мәлімдеген.