Алматыда Аустралиядан келген турист жоғалып кетті.
Алматыда тауға шыққан шетелдік турист жоғалып кетті
645
оқылды

Оны іздеуге полицейлер, төтенше жағдайлар қызметі мен еріктілер жұмылдырылды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

21 мамыр күні турист Jake Michael Үлкен Алматы көліне серуендеу үшін Қазыбек би көшесі, 66-үйде орналасқан "727" хостелінен шыққан.

Арықтау келген, қара қысқа шашты, қой көзді, сақал-мұрты бар.

 

Көрген, білгендер болса, 8 701 357 92 91 телефон нөміріне немесе полицияға хабарласса болады. Қалалық ТЖД 22 мамырдан бері іздеп жатыр. Бірақ жоғалған турист әлі табылған жоқ.