Қарағанды облысында екі жасар бала көз жұмды.
Қарағанды облысында екі жасар баланы кері жүрген көлік басып кетті
2
1,130
оқылды

Сәбиді УАЗ көлігі таптап кеткен. Жүргізуші артқа жүріп қарай келе жатып, жолда баланың бар екенін байқамаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға Шет ауданы АқсуАюлы ауылында болды. 

Жолға шығып кеткен кішкентай баланы жүргізуші байқамаған. Балаға жүргізуші алғашқы медициналық көмек көрсетіп, емханаға жеткізген. Өкінішке қарай, жарақат алған бала көз жұмды. 

Қарағанды облысы Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«УАЗ көлігінің 35 жастағы жүргізушісі кері бағытта келе жатып, екі жасар баланы қағып кетті. Жарақат алған бала қайтыс болды. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полицияның хабарламасында. 

Бұған дейін ІІМ жол апаты жиілегенін хабарлаған болатын.