Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді.
Абай облысындағы өртті сөндіруге тағы екі тікұшақ жіберілді
615
оқылды

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Үкімет отырысында Абай облысындағы өртке тағы екі тікұшақ жіберілгенін хабарлады.

«Қазіргі таңда республикалық және облыстық деңгейде жедел штабтар жұмыс істейді, өрт орнында ТЖМ-ның атынан жетекшілік ететін вице-министр бар.

Бастапқы кезеңде өртті жою үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен, 434 адамнан, 109 бірлік техника, 2 әуекемесі және 1 өрт сөндіру пойызынан тұратын азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары топтамасы құрылды.

Жедел жағдайдың нашарлауына байланысты республикалық жедел штабтың отырысы өтті, онда мемлекеттік органдарға тиісті міндеттер қойылды.

Экология министрлігіне өрт сөндіру жетекшісі ретінде көмектесу үшін Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді», – деді вице-министр.

   Айтуынша, дәл қазір өрт орнында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар министрліктері, «Қазақстан Темір жолы», жергілікті атқарушы органдар және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

«8 тікұшақ жұмылдырылды, оның ішінде 5-і – ТЖМ, 3-і – Қорғаныс министрлігі, 2-і Экология және табиғи ресурстар министрлігіне тиесілі.

Сіздің тапсырмаңыз бойынша сағат 11.00-де Төтенше жағдай министрлігінен қосымша екі 2 әуекемесі өрт орнына келді. Сонда өртті сөндіруге тартылған 10 тікұшақтың 8-і су шашса, екеуі барлау және десанттарды жеткізу үшін қолданылады. Жағдай бақылауда, өртті оқшаулау және жою бойынша барлық шаралар қабылдануда», – деді ол.