Жаңа басшыны Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев таныстырды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа жаңа басшы тағайындалды

Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы болып тағайындалды.

Салтанат Тұрсынбекова «тарихшы-қоғамтану» мамандығымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және «құқықтану» мамандығымен Мәскеу мемлекеттік заң академиясын бітірген. 20 жылдан астам мемлекеттік қызметте, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Жоғарғы сотта және ҚР Бас прокуратурасында еңбек етті.

А.Ластаев атап өткендей, С.Тұрсынбекова айтарлықтай уақыт құқық қорғау саласында белсенді жұмыс атқарып келеді, оның ішінде Қазақстандағы БҰҰ құрылымдары зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімді ұлттық стратегияларының бірі деп таныған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының бастамашысы. Сондай-ақ С.Тұрсынбекова адам құқықтарын қорғау саласындағы жұмысты жақсы білетіні, қарапайым қызметкерден бастап, басшыға дейін мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткені айтылды.

 

Фото: gov.kz