Дубайдың зәулім ғимараттарының қатары тағы бір таңғажайып архитектурамен салынады. Bugatti автомобиль бренді мен Binghatti құрылыс компаниясының жаңа мұнарасы бәрінен де ерекше болмақ.
Онда тұратын пәтер иелері өздерінің жоғарғы қабаттардағы пәтеріне көлігімен бірге кіреді
Зәулім ғимараттағы пәтерге Bugatti көлігі кіре алады

Дубайда көз тартатын зәулім ғимараттар бірімен-бірі жарысып көк тірейді. Бірақ Bugatti автомобиль бренді мен Binghatti құрылыс компаниясының жаңа мұнарасы бәрінен де ерекше болмақ.

Таңғажайып ғимаратта сәнді резиденциялар орналасады және бай иелеріне Centodieci маркалы көлігін тікелей өз пентхаусына дейін жүргізіп баруға мүмкіндік береді. Бұл резиденцияның басқа да құпияларын newatlas.com материалына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

Иллюстрация bugattiresidences.com сайтынан алынды

Bugatti резиденциялары Дубайдың іскерлік ауданында орналасады. Қолжетімді иллюстрацияларға қарағанда, ғимараттың дизайны Заха Хадидтің керемет жұмысын еске түсіреді. Иілген пішіндегі көздің жауын алатын күмістей жарқыраған сыртқы түрі мен ішкі мазмұны үйлесімді көрінеді.

Оның биіктігі мен құрылымдық жүйесі сияқты егжей-тегжейлі мәліметтер әзірше жоқ болғанымен, дереккөздер жобаның алға жылжуына қарай көбірек мағлұматтар шығатынын айтады. Бірақ Bugatti мұнарасы 171 резиденциядан және 11 Sky Mansion пентхаусынан тұратыны белгілі болды.

Әрқайсысының бірегей жеке дизайны мен орналасуы бар.

 

Иллюстрация bugattiresidences.com сайтынан алынды

Сіз күткендей, жайлылық та маңызды болады, оның ішінде Дубайдағы француз жағалауларын еске түсіретін жағажай аймағы, жеке бассейн, спа-джакузи және фитнес клубтары болады.

Дегенмен, мұнараның ең қызықты ерекшелігі – бірінші қабаттан жоғарғы пентхаустарға дейін екі автокөлік лифті болады. Бұл Porsche компаниясының Майамидегі жеке автокөтергіш мұнарасына ұқсайды және иесіне өз пентхаусына көлігімен көтерілуге мүмкіндік береді.

Иллюстрация bugattiresidences.com сайтынан алынды

 

«Сән-салтанаттың жаңа стандартын белгілейтін теңдесі жоқ шеберлік пен талғампаз әрлеу Bugatti резиденциялары үшін жасалған тұрғын үй кеңістігінде іске асырылады. Бұл «өмір сүру өнерін» жаңа дәуірге сәйкес өзгертеді», – деп түсіндіреді Bugatti таратқан хабарламада. «Пентхаустар да, зәулім үйлер де әлемдегі ең үздік материалдармен безендірілген еркін өмір сүру кеңістігін ұсынады. Bugatti Residences дизайны Bugatti және Binghatti-дің артықшылықтарын көрсететін жайлылық, функционалдық пен талғампаздықты біріктіреді».

 

Bugatti – Aston Martin және Bentley-дің бірдей сәнді дизайндарынан кейін сәулет дизайнына үлкен қызығушылық танытатын атақты автокөлік компаниясы.