Суға кеткендердің ішінде балалар да бар.
Жыл басынан бері 45 адам суға батып кетті
1,216
оқылды

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрдің айтуынша, шомылуға рұқсат етілген 487 орын бар. Оның ішінде, 149 коммуналдық, 338 жеке жағажайда шомылуға рұқсат. 307 жағажайды құтқару бекеті бар. Қалған 180-інде жоқ.

Жыл басынан бері суға кеткен 69 адамды құтқарды. Оның ішінде, 15-і  – бала, шомылу маусымы басталғаннан бері – 11 адам, оның ішінде 2-еуі бала. 45 адам суда қаза тапты. Оның ішінде 14-і – кәмелетке толмаған. 

Бұған дейін  суға батқан баланы аман алып шыққан Қолқанат Баққұл туралы жазған болатынбыз.