Ақтөбеде 15 жастағы бала суға батқан.
Ақтөбеде жасөспірім суға батып кеткен 15 жастағы баланы аман алып шықты
2,950
оқылды

Оқиға Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Заречный-1 аймағы, Елек өзенінде болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқиға орнына шұғыл жеткен. 

Бір топ ересек балалар Елек өзені бойында ойнап жүрген. Арасында 15 жастағы бала суға түсіп, шыға алмай қалған.

16 жастағы Қолқанат Баққұл өзеннің арғы бетінен балалардың «құтқарыңдар» деп айқайлаған дауысын естіген. Өзенді жүзіп өтіп, көмекке келген.

Қолқанат шапшаңдығының арқасында өзенде есінен танып, қалқып бара жатқан 15 жастағы баланы жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бала есін жинап, аман қалған. Зардап шегушінің жағдайы тұрақты. Дәрігерлер тексеріп жатыр. 

Ақтөбе облысы ТЖД-ның мамандары ерлік көрсеткен Қолқанат Баққұлға алғыс айтты. 

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД-нен алынды