Науқастың миына зақым келген.
Қарағандыда 27 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті
1,347
оқылды

Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінде 4-қабаттағы балконнан бойжеткен құлап кетті. Ол комада жатыр.

Оқыс оқиға бүгін Гоголь көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. 27 жастағы қыз 4-қабаттағы балконнан құлаған. Әлеуметтік желілерде куәгердің видеосы тарады. Кадрда дәрігерлер оны тексеріп, ауруханаға алып кетеді. Денсаулық сақтау басқармасынан оның жағдайы туралы түсініктеме берілді.

«Науқастың миына зақым келген. Ол комада жатыр»,  деп хабарлады облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.