Биыл Атырау облысында 5 683 түлек мектеп бітіріп отыр.
Атырауда әкім гранты түлектермен қатар студенттерге де беріледі
1,924
оқылды

Биылдан бастап Атырау облысы әкімінің гранты мектеп түлектерімен қатар, енді 2-3-курс студенттеріне де беріледі. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді.

«Әзірге басқармалардан аса қажетті деген 200 маманға сұраныс түсіп отыр. Биыл экологтер, ботаника, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, педагогика, медицина, балық, туризм, мәдениет және дін саласы мамандарына гранттар бөлінеді. 

Жоспар бойынша, биыл 300 мамандыққа Атырау облысы әкімі гранты бөлінеді деп күтілуде. Құжаттар тамыз айында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қабылданатын болады», – деді Жасұлан Бисембиев.

Еске сала кетейік, Атырау облысында 2017 жылдан бастап қажетті мамандарға әкім гранты бөлініп келеді. 2017 жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға – 579, медицина бағытындағы мамандықтарға – 281, өзге де мамандықтарға (дінтану жəне теология, мəдениет саласы, т.б.) 138 грант бөлінген. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА