Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – бірлік пен берекенің және мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі. Айт күндері барша мұсылман өзара қамқорлық пен жанашырлыққа баса мән беріп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге асығады. Мұндай қадам қоғамда ізгіліктің аясын кеңейтіп, ырыс пен ынтымақты арттыра түседі.
Бұл мейрам елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға және татулық пен сыйластықтың маңызын терең дәріптеуге де зор ықпалын тигізіп келеді. Сондықтан Құрбан айт барша қазақстандық үшін айрықша мәнге ие.
Осы ұлық мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр отбасына бақ-береке тілеймін! Шалған құрбандықтарыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!