Алдағы үш тәуліктегі ауа райына атмосфералық фронт әсер етеді.
Найзағай жарқылдап, жел соғады. Өткінші жаңбыр жауады.
1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі температура солтүстікте 25-30-ға дейін, орталықта 30-35-ке дейін, оңтүстікте 33-38-ге дейін, оңтүстік-шығыста 28-33-ке дейін біртіндеп көтеріледі.
Республиканың шығысында термометрлердің бағаны күндіз 17-25-ке дейін көтеріледі, ал елдің батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Күндіз ауа 25-30-ға дейін, оңтүстік-батыста 33-38 градус болады.
Фото: replyua.net