Алматы қаласы мен облысының патрульдік полиция инспекторлары пара алды деген күдік бар.
Алматыда жеті полицей пара алды деген күдікке ілінді
2,080
оқылды

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Aikyn.kz Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер бірнеше рет пара алды деп күдік келтіріп отыр. Жол ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапқа тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін СҚО-да полиция ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.