Жиында реформаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланады.
«AMANAT»: Астанада депутаттар форумы өтіп жатыр

Бірер сәттен соң Астанада «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы басталады. Еліміздің барлық өңірінен Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға жиналуда.

 

Бүгінгі форумға жалпы 2500-ден астам партия мүшесі қатысады.

 

Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын жүзеге асыру аясында өңірлерді дамыту, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту мәселелері талқыланады.