Астанада «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алғашқы республикалық форумы басталды.
«AMANAT»: Мемлекеттік органдар басшысымен тікелей диалог орнату маңызды
953
оқылды

Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракция мүшелері саяси іс-шараға арнайы келді. 

Форумның мақсаты – Мемлекет басшысының саяси реформаларының нәтижесі ретінде депутаттар мен мәслихаттар жұмысындағы өзгерістерді ілгерілету.

Форум міндеті:

  • аманаттық депутаттардың оң имиджін қалыптастыру;
  • қоғамның партияға, депутаттарға, мәслихаттарға деген сенімін арттыру;
  • партиядағы ішкі өзгерістерді бекіту;
  • партияішілік бірлікті нығайту;
  • жаңа саяси жағдайда депутаттық қызметтің маңызын арттыру;
  • барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары мен орталық мемлекеттік органдар басшылары арасында тікелей диалог орнату;
  • депутаттар мен фракциялар арасындағы өзара қарым-қатынасты күшейту, дағды мен тәжірибе алмасу;
  • мәслихаттардағы депутаттар мен фракциялардың тиімді жұмыс істеуі үшін дағды мен тәжірибелік білім алу.