Астанада «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтіп жатыр.
Бір жылда бес бірдей тағдыршешті саяси науқан өткіздік – Ерлан Қошанов
910
оқылды

Жиында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Аумалы-төкпелі кезеңде халқымыз жаңа өзгерістерге түсіністік танытып, қолдау білдіріп отыр. 

«Әлемдегі күрделі геосаяси, геоэкономикалық ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде ел Президенті бұрын-соңды болмаған түбегейлі институционалды өзгерістерді қолға алды. Бұл, бір жағынан орасан тәуекел болса, екінші жағынан мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамды сауықтырудың, жаңару мен жаңғырудың жалғыз әрі төте жолы. Халқымыз бұл өзгерістерге терең түсіністік танытып, қызу қолдап отыр. Ең бастысы, Мемлекет басшысының  реформалары іс жүзінде нәтижесін беріп те жатыр.

Барлық салада ілгерлеушілік бар. Өткен бір жылдың ішінде бес бірдей тағдыршешті саяси науқан өткіздік. Елдегі саяси өзгерістер бүгінгі реформалардың темірқазығына, болашақтағы ел дамуының кепіліне айналды. Біз осы жолдан айнымаймыз», – деді Ерлан Қошанов.