Астанада «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті.
«AMANAT» форумында сөзден іске көшу керек екеніне депутаттардың көзі жетті – Эдуард Полетаев
1,074
оқылды

Бірінші рет өткізілген республикалық форумға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өңірлерден арнайы келді. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, елдегі жаңа саяси реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқанына тоқталды. Мәселен, Ерлан Қарин Елімізде жаңа саяси мәдениеттің негізі қаланғанын айтты. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Форумның мақсаты – қоғамдағы өзекті де өткір мәселелерді шешу жолын іздеу керек екеніне ерекше назар аударды. 

Саясаттанушы Эдуард Полетаев қоғамда партиялардың рөлі артқанын тілге тиек етті. Оның пікірінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын, жаңа реформаларды, әсіресе, өңірлерде жүзеге асыру өте маңызды. 

«Жуырда Парламент және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау жаңа жүйемен өтті. Саяси додада жаңашылдық нәтижелі болды. Себебі, депутатқа үміткерлер сайлау алдында ғана емес, депутат болып сайланғаннан кейін де елмен етене жақын жұмыс істеуі тиіс екеніне көзі жетті. Астанада «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы бірінші рет өтті. Жиынға 3 мыңға жуық адам қатысты. Оның 2,5 мыңы немесе еліміздегі барлық мәслихат депутаттарының 77%-ы –«AMANAT»-тың депутаттары.

Форумда «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жаңа реформаларды іске асыруда нақты нәтиже керек екенін айтты. Енді сөзден іске көшетін уақыт келді. Сол кезде ғана қоғам реформалардың нақты нәтижесін көреді. Аймақтағы жергілікті тұрғындар пайдасын сезінеді. Ол үшін әкімдіктер, мәслихаттар жұмыла жұмыс істеуі қажет. Мәселен, жергілікті жерде ел арасындағы пікір арқылы проблемалар қордаланып жинала береді. Енді әкімдер, депутаттар халықпен тікелей жұмыс істеген кезде аймақтардағы мәселе оңынан шешіледі. Елдің сеніміне ие болады. Әкімдіктер мен мәслихаттар бір-біріне бәсекелес емес, әріптес болуы керек.

«AMANAT» партиясы депутаттарының республикалық форумы ашық диалог алаңына айналды. Нәтижесінде, саяси реформаларды нәтижелі жүзеге асыру мәселесін жүйеледі. Атқарушы биліктің жұмысы есеп-қисаппен емес, нәтижелі жұмыстың сапасымен өлшенуі тиіс», – дейді Эдуард Полетаев.

Бұған дейін «AMANAT» партиясы депутаттарының республикалық форумы туралы жазған болатынбыз. 

Фото: liter.kz