Мемлекет басшысына «Дактилоскопиялық тіркеу» жобасы таныстырылды.
Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады. Деректер қорына саусақ ізі дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады.